
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары» (бұдан әрі -Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген.
Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – АОЖБ) әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Протездік-ортопедиялық көмек көрсету өңірлеріндегі, оның ішінде олар порталда көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек қызметтерін беруші (бұдан әрі – ПК беруші) протездік-ортопедиялық құралдарды дайындау үшін өлшеу жүргізе отырып, тапсырыстар қабылдауды қамтамасыз етеді.
ПК беруші дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдың сипаттамаларына байланысты стационарлық протездеу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Протездермен қамтамасыз ету тәртібі:
Бастапқы протездеу кезінде медициналық көрсеткіштер бойынша оқу-жаттығу ретінде пайдаланылатын қазіргі заманғы технология бойынша протездер алты ай өткеннен кейін жөндеуге жатады.
Төменгі аяқ протездерін беру кезінде әрбір протезге жыл сайын үш тыстан беріледі.
Кеуде безінің протездері екі іш киіммен (бюстгальтер) беріледі.
Шина-былғары, құрама протездер, ортопедиялық аппараттар, туторлар олар жарамсыз болып қалғаннан кейін, бірақ протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын ауыстыру мерзімдері өткеннен кейін оларды алған күннен бастап осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ауыстырылады.
Егер тағып жүру мерзімі өткеннен кейін протез жарамды күйде болса және алушы жаңа протезге тапсырыс бергісі келмесе, оған осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес тыстар беріледі.
Ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету тәртібі:
Алушылар күрделі және асқынбаған ортопедиялық аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.
Күрделі ортопедиялық аяқ киім, оның ішінде қосымша салма кебіс (етік) аяқты 3 сантиметрге (см) және одан да жоғары қысқартқан кезде, паралитикалық, варустық, двиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандар, маймақтық, піл сүйегі, Шопар, Лисфранк және Пирогов бойынша табандардың ампутациялық тұқылдары кезінде дайындалады.
Асқынбаған ортопедиялық аяқ киім аяқты 3 см-ге дейін қысқартқан кезде, метатарсальды сүйектердің бастарын үлкейту кезінде, бойлық және көлденең жалпақ аяқтар, балға тәрізді саусақтар, өкше сүйегінің шоғырлары және аяқтың басқа патологиясы кезінде жасалады.
Күрделі ортопедиялық аяқкиім (етіктен басқасы):
1) ҰОС қатысушыларына, ҰОC мүгедектігі бар адамдарына, сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарға екі жұп (жазғы немесе қысқы);
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға бір жұп (жазғы немесе қысқы);
3) мүгедектігі бар балаларға – екі жұп (жазғы және қысқы) беріледі.
Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар күрделі ортопедиялық аяқкиіммен (жазғы немесе қысқы) мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген құнының немесе кепілдік берілген соманың 50 пайызын өз қаражаты есебінен дербес төлей отырып қамтамасыз етіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға ортопедиялық аяқкиімнің орнына олардың қалауы бойынша өз қаражаты есебінен етік дайындалады. Бұл жағдайда алушыға ортопедиялық аяқкиіммен қамтамасыз етуге көзделген сомада етіктің құнына жеңілдік беріледі.
Алушының протездік-ортопедиялық аяқкиімін жөндеу оның өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
№ 2 МӘС бөлімі бас маманы
Д.К.Оразбеков
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1283552?lang=ru

Жауап қалдыру