
Бүгін еліміздің барлық өңірінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты іс-шаралары өтуде.
Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше сәт. Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылындағы жаңа мақсаттар мен міндеттердің бастауы.
Еңбекші ауданында биыл 3 465 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Бұл – бүлдіршіндер үшін үлкен өмірге бастар алғашқы қадам.
Алғашқы қоңырауын қуанышпен қарсы алған барлық оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жақсы білім және жоғары жетістіктер тілейміз.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарға еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздарға жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық ізденіс және шәкірттерінің жетістігін көруді тілейміз.
Баланың білім алып, тәрбиелі азамат болып қалыптасуында ата-ананың қолдауы мен жауапкершілігі де маңызды. Ұстаз бен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен қолдау – бала болашағының берік негізі.
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік пен жаңа жетістіктер әкелсін!
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1283610?lang=ru

Жауап қалдыру