
Болашақ таңдауы – маңызды қадам: әскери қызметшілерге полиция қызметі таныстырылды
Қәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы, полиция полковнигі Марат Баяндинов ішкі істер органдарындағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, қызметке қабылдау тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар және кәсіби өсу перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктерге, қызмет көрсету шарттарына және ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктеріне жеке тоқталды.
Әскери қызметшілер полиция жұмысының түрлі бағыттары, қызметкерлерге қойылатын талаптар және қызмет үшін қажетті қасиеттер туралы кеңірек мағлұмат алды. Қызметке орналасуға және болашақ мансаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар ерекше қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар қатысушыларға полиция қызметі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға ішкі істер органдарындағы қызмет пен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1283634?lang=ru

Жауап қалдыру