Эпидемиологиялық шараларды пысықтауға арналған оқу-жаттығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайында әуе кемесінің бортында тырысқақ ауруымен жолаушы анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты — әуежай қызметтерінің, медициналық ұйымдардың және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бекетінің дайындығын бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекарасын санитариялық қорғау жөніндегі кешенді жоспардың орындалуын тексеру, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың елге әкелінуі мен таралуына жол бермеу шараларын іске асыру.

Оқу-жаттығу барысында тиісті қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл, ақпарат алмасу және жедел әрекет ету тәртібі тексерілді. Әуе кемесінің бортында ауру анықталған жағдайда, жолаушылар мен экипажды оқшаулау, медициналық көмек көрсету, зарарсыздандыру және дезинфекциялау жұмыстарының тиімділігі бағаланды. Сонымен қатар, карантиндік шараларды ұйымдастыру, бақылау бекеттерінің жұмысын үйлестіру және қажетті жағдайларда халықаралық стандарттарға сәйкес эпидемиологиялық қауіптерді болдырмау бойынша әрекет ету алгоритмдері пысықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/983175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді