Комитет төрағасы инвесторларды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвесторларды жеке қабылдады.

Кездесуде инвесторлар жобаларын іске асыруға байланысты нақты мәселелерді атап, Комитет өкілдерімен бірге оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылады.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша инвесторлар көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, Комитетпен тікелей өзара іс-қимыл жасаудың маңызын атап өтті.

Жекелеген мәселелермен қатар, бизнес өкілдері тап болатын жүйелі кедергілерді анықтауға ерекше назар аударылды. Инвесторлардың бірі жүйелі мәселелерді жинақтау және талдау жұмысына қатысуға, сондай-ақ оларды Комитеттің Сараптамалық кеңесінің отырысында талқылауға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, қабылдау барысында тағы бір инвестор Қазақстанда іске асыру жоспарланып отырған экологиялық жобасын таныстырды.

Инвесторларды жеке қабылдау – Комитеттің бизнеспен тікелей өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі. Бұл формат нақты өтініштерді жедел қарауға, сондай-ақ кешенді шараларды талап ететін жүйелі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Комитет инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1283665?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді