
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы №135 мектепке арнайы барып, жаңа оқу жылын бастаған оқушыларды құттықтады.
Аудан әкімі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, олардың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдары сәтті болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ұстаздарға еңбектері үшін алғыс айтып, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері мен қолдаулары үшін жылы лебізін жеткізді.
Өз сөзінде аудан әкімі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, олардың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарымен үндес. Себебі бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат. Білімді, тәрбиелі, адал әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Жаңа оқу жылы білім мен ізденіске, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамаларға толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1283682?lang=ru

Жауап қалдыру