
2026 жылғы 29 тамызда Новодолинский кентінде ерлік пен қайсарлықтың, өз ісіне адалдықтың мерекесі – Кеншілер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
Кеншінің еңбегі – жай ғана мамандық емес. Бұл – зор күш-жігерді, төзімділікті, батылдық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін ерекше тағдыр. Кентіміздің тарихы кеншілер еңбегімен, ұзақ жылдар бойы шахталарда аянбай еңбек етіп, туған өлкенің болашағын қалыптастырған жандармен тығыз байланысты.
Мереке қарсаңында кент әкімі Е.С. Исатаев «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегерлерін арнайы барып құттықтап, олардың көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және көмір өнеркәсібінің дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Мерекенің басты мәдени шарасы кентіміздің Мәдениет үйінің қызметкерлері мен шығармашылық ұжымы дайындаған «Шахтер еңбегінің даңқы арта берсін!» атты мерекелік концерттік бағдарлама болды.
Тұрғындарды кент әкімі Е.С. Исатаев құттықтады. Ол кеншілердің өңіріміздің тарихындағы ерекше рөлін атап өтіп, осы мамандық иелерінің ерлігі мен қайсарлығына жоғары баға берді. Сондай-ақ кенші – ардагерлер мен ұрпақтан-ұрпаққа осы еңбектің игі дәстүрлерін сақтап, жалғастырып келе жатқан кенші отбасыларына зор ризашылығын білдірді.
Спорттық жарыстар мерекенің жарқын әрі көз тартатын сәттердің біріне айналды. Қатысушылар қол күресінен, кір тасын көтеруден және арқан тартудан сынға түсіп, күш-жігерін, ептілігін, төзімділігін және нағыз командалық рухын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен кент тұрғындары мен қонақтарға арналған мерекелік сауда өткізілді.
Мазмұнды мерекелік күн Мәдениет үйінің жазғы алаңында өткен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздарының концертімен аяқталды. Өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Мереке кент тұрғындарын, кенші еңбек ардагерлерін, мәдениет қызметкерлерін, спортшыларды, кәсіпкерлер мен қонақтарды бір арнаға тоғыстырды. Бұл шара еңбегі кентіміздің тарихы мен мақтанышының ажырамас бөлігіне айналған жандарға құрмет пен алғыс білдірудің тағы бір мүмкіндігі болды.
Барша кеншілерді, тау-кен ісінің ардагерлерін және кенші отбасыларын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік, бақыт, жаңа жетістіктер және жарқын болашаққа деген сенім тілейміз! Кеншілерге тән ерлік, еңбекқорлық және жолдастық дәстүрлері әрдайым жас ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай берсін!
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оған белсене қатысуға атсалысқан барлық ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен кент тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1283599?lang=ru

Жауап қалдыру