Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуына жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуына жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат

Ақмола облысының цифрландыру және архив ісі басқармасы қызметінде

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Басқарма) және оның ведомстволық ұйымдарының — «Smart Aqmola» КММ, «Smart Aqkol – 2018» КММ, «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ, «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» КММ, «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша іс-шараларды орындау шеңберінде әзірленген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізілді.

Мониторниг ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені қабылданғанын көрсетті.

Атап айтқанда, ақпараттық жүйелерді жаңғырту және пысықтау процестері олардың орындылығын міндетті түрде құжаттамалық негіздей отырып регламенттелді, сондай-ақ оларды әзірлеу кезінде бақылау және атқарушылық функциялар шегі ажыратылды. Еңбек қатынастарын нормативтік реттеу мақсатында қызметкерлерді қоса атқару мәселелері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді, цифрланған құжаттарды қабылдау үшін дербес жауапкершілік бекітілді және таратылуы шектеулі құжаттармен жұмыс істеу тәртібі регламенттелді.

Қаржы-бюджеттік тәртіпті арттыру және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шығындарды жоспарлау және сатып алу процестеріне қойылатын талаптар қайта қаралды, қызметкерлерді премиялауға бастама жасау кезінде өкілеттіктерді іске асыру тәртібі нақтыланды, электрондық өткізу және басқару жүйесі (СКУД) деректері бойынша жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүйелі бақылау күшейтілді, сондай-ақ мемлекеттік мүлік пен қызметтік үй-жайлардың пайдаланылуына түгендеу (ревизия) жүргізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында әрекеттерді міндетті түрде журналға тіркеу (журналирование), файлдарды тапсырыс берушіге беру және қолжетімділіктерді жедел кері қайтарып алу талаптары енгізілді. Мемлекеттік архивтердің кадр жұмысында қызметкерлерді іріктеудің бірыңғай тәртібі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау қамтамасыз етілді.

Осылайша, мониторинг нәтижесінде Басқармамен 20 ұсынымның 18-іорындалғаны, 2 ұсыным орындалу үстінде екені анықталды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1283695?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді