Жетісуда Білім күні: полиция басшылығы оқушылармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйек – Білім күніне орай Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары өңірдегі бірқатар мектептерге барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Полиция басшылығы оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, балаларға оқуда табыс, жаңа жетістіктер және қауіпсіз оқу жылын тіледі.

Кездесулер барысында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру, интернет пен әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану, сондай-ақ бір-біріне құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар «Заң және тәртіп» қағидатының маңыздылығы айтылды. Балаларға заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау және өзгелердің құқықтарын сыйлау – қауіпсіз әрі құқықтық қоғамның негізі екені түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның, ата-аналар мен педагогтердің ортақ міндеті екенін атап өтті.

Оқу жылы бойы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1283720?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді