Сала тарихы: зертханалық қызметке – 105 жыл, М. Айқымбаевтың туғанына – 110 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні қарсаңында саланың тарихындағы айтулы даталарға арналған жарияланымдар топтамасын бастаймыз.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетін жылы отандық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тарихы туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Өткен жылы Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қалыптасуы мен даму тарихына, оның негізгі кезеңдері мен жетістіктеріне, сондай-ақ осы жүйенің бастауында тұрған азаматтарға ерекше назар аудардық.

Биыл сала тарихының маңызды беттеріне тоқталып, екі айтулы датаға назар аударамыз: Ұлттық сараптама орталығының санитариялық-бактериологиялық зертханасының құрылғанына 105 жыл және Қазақстанның көрнекті ғалымы, эпидемиолог Масғұт Айқымбайұлы Айқымбаевтың туғанына 110 жыл.

Жарияланымдар топтамасы аясында зертханалық қызметтің қалыптасу тарихы, микробиологиялық зерттеулердің дамуы, сондай-ақ ондаған жылдар бұрын қаланған ғылыми және кәсіби негіздердің бүгінгі күні қалай жалғасын тауып, дамып келе жатқаны туралы баяндаймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1283792?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді