Ақтөбеде жаңа №81 мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім күні «Алтын Орда» шағынауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа №81 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

900 оқушыға арналған заманауи білім ордасы барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған.

Мектепте заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар, спорт және акт залдары, шеберханалар және басқа да мамандандырылған кабинеттер бар.

Жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Бұлбұл Күзембаева құттықтады.

Айта кетейік, биыл өңірде тағы бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, екі мектепке қосымша ғимарат салынып, сегіз мектепте реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1283831?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді