
Жазғы демалысты тиімді өткізіп, кітап оқуға уақыт бөлген оқушылардың еңбегі елеусіз қалмады.
Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Жазғы Book-Drive: Оқы да, оз!» жазғы кітап оқу марафоны өз мәресіне жетіп, 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында белсенді оқырмандарды марапаттау шаралары өтті.
Марафонға белсенді қатысқан оқушыларға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық мәслихат депутаттары Сәкен Маженов, Мақсат Тұрымбетов, Нұрдаулет Әжібаев мәслихат төрағасы атынан Алғыс хаттар табысталды.
Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың білімге құштарлығын қолдау – маңызды бағыттардың бірі. Кітап оқу марафоны оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне ықпал етіп, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Белсенді оқырмандарды жетістіктерімен құттықтаймыз! 


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1283847?lang=ru

Жауап қалдыру