
Бүгін аудан әкімі Андреевка ауылындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты. Салтанатты шара барысында аудан әкімі оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында баршаға сәттілік, зор денсаулық, толағай жетістіктер және шығармашылық табыс тіледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, білім жолындағы алғашқы қадамдарының сәтті болуына ізгі тілегін білдірді. Жаңа оқу жылы білімге, ізденіске және жаңа жетістіктерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1283845?lang=ru

Жауап қалдыру