
Назар аударыңыздар! ![]()
![]()
Алаяқтық туралы ескерту!
Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан “некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және алаяқтық сипатқа ие екендігін ескертеміз. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады. Некені бұзу тіркеуші орган арқылы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырамыз. Дұрыс әрі нақты ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз.
ҚР Әділет министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1283860?lang=ru

Жауап қалдыру