
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен қадірлі ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні – әр шаңыраққа қуаныш сыйлайтын, үлкен үміт пен жаңа мақсаттарға бастайтын ерекше мереке. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін де, шәкіртін қарсы алған ұстаз үшін де, баласының болашағына сенім артқан ата-ана үшін де қашанда ыстық.
Биыл ауданымызда 5 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Бүгін олар үшін білімге бастайтын жаңа жол ашылады. Алғашқы қадамдары сәтті болып, мектеп жылдары жарқын сәттерге, жақсы достар мен үлкен жетістіктерге толы болсын!
Бүгінгі оқушының білімі мен тәрбиесі – ертеңгі елдің келбеті. Сондықтан әр баланың сапалы білім алып, өз қабілетін танып, үлкен мақсаттарға ұмтылуына мүмкіндік жасау – баршамызға ортақ міндет.
Осы жолда ұстаздардың орны ерекше. Сіздер балаға білім беріп қана қоймай, оның бойындағы қабілетін ашып, өмірлік бағытын айқындауға көмектесесіздер. Жас ұрпақтың әрбір жетістігінде ұстаздың білімі, еңбегі мен жанашырлығы бар. Барша педагогтерге жауапты еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Қымбатты оқушылар! Білімге құштар болып, ізденуден және биік мақсаттарға ұмтылудан талмаңыздар. Біз сіздерге сенеміз. Сіздердің бүгінгі білімдеріңіз бен талпыныстарыңыз – еліміздің ертеңгі жетістіктерінің негізі.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы жемісті болсын!
Ізгі ниетпен,
Абзал Егембердиев
С уважением,
Абзал Егембердиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1283956?lang=ru

Жауап қалдыру