
Өңірде өртке қарсы алдын алу шараларын уақытылы орындау мәселесі көтерілді
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов облыс әкімдігінің отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекендерді табиғи өрттерден қорғау мәселелері бойынша баяндама жасады.
Өз баяндамасында Рашид Блялов ведомстволық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының маңыздылығын, сондай-ақ шалғай ауылдарда өрт қауіпсіздігін алдын алу және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге ықпал ететін өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды құру қажеттігін ерекше атап өтті.
Департамент басшысы бекеттерде еріктілер үшін жайлы жағдай жасалып, қажетті техникамен, жабдықтармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті. Қазіргі уақытта өңірде 48 өрт сөндіру бекеті мен 9 ерікті құрылым құрылған.
Сондай-ақ, отырыс барысында ШҚО ТЖД, орман қызметі бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қолжетімсіз аймақтарға су жеткізу (өрт сөндіру құрылғыларын толтыру үшін), су көздерінің бар-жоғын және жағдайын бақылау бойынша ұсыныстар енгізілді.
Бүгінгі күні ШҚО ТЖД-ның өрт сөндіру топтары 1589 қызметкерден және 306 бірлік техникадан тұрады. Аэровизуалды патрульдеуді жүргізу үшін 12 ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылады.
Сондай-ақ, азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған 22 мобильді топ құрылып, патрульдеу және құқық бұзушыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/983668?lang=kk

Жауап қалдыру