
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Тельман ауылдық округіне қарасты Антоновка ауылында жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 46 жаңа жол белгісі орнатылды. Атап айтқанда, «Басты жол», «Жол беріңіз» және «Жүк көліктерінің кіруіне тыйым салынады» жол белгілері қойылды.
Құрметті автокөлік жүргізушілері! Орнатылған жол белгілерін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі – барша тұрғындардың қауіпсіздігінің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/1284096?lang=ru

Жауап қалдыру