
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Қараөткел ауылындағы IT-мектепке барып, жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты.
1200 оқушыға арналған мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Мұнда 60 оқу кабинеті, STEM-зертханасы, физика, химия және биология пәндеріне арналған мамандандырылған кабинеттер, IT-сынып, робототехника және хореография кабинеттері, сондай-ақ екі спорт залы бар.
Жұлдыз Сүлейменова оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ерекше тілегін білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде мектеп инфрақұрылымын дамыту, балаларға сапалы білім алу үшін қауіпсіз әрі заманауи жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда.
2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет 1-сыныпқа барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1284127?lang=ru

Жауап қалдыру