Абай облысында майлы дақылдар алқабы ұлғайтылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Абай облысында жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыруға басымдық берілуде.

2026 жылы майлы дақылдар алқабы 368,7 мың гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға артық. Майлы дақылдардың үлесі облыстағы жалпы егіс алқабының 46,6% құрайды.

Алдын ала болжам бойынша, Қазгидромет мәліметіне сәйкес, майлы дақылдардың өнімділігі өткен жылғы деңгейде сақталып, жалпы түсім көлемі 534,6 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.

Облыста жалпы өндірістік қуаттылығы 403,1 мың тоннаны құрайтын тазартылмаған өсімдік майын өндіретін 15 кәсіпорын жұмыс істейді.

2026 жылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындарда 139,4 мың тонна тазартылмаған өсімдік майы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,9%-ға жоғары (2025 жылғы қаңтар–шілде айларында – 87,7 мың тонна).

2026 жылдың қыркүйек айында «Qazaq Astyq Group» компаниясының май өңдеу желісін іске қосу жоспарлануда. Жоба аясында жылына 72,0 мың тонна тазартылған күнбағыс майын өндіру мүмкіндігі қарастырылған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 8,3 млрд теңге.

Абай облысында ауыл шаруашылығын әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешеннің қосылған құнын арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1284181?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді