
2026 жылғы 1 қыркүйекте «A SECURITY» күзет агенттігі» ЖШС жұмыскерлерінің өкілдері жалақының кешіктірілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысының әкіміне бейнеүндеу жазуды жоспарлаған.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А.Досжанов жұмыскерлердің алдына жеке өзі шығып, олардың талаптарын тыңдады және еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу үшін еңбек инспекциясына жүгіну құқықтарын түсіндірді.
Жағдайды жедел қарау мақсатында Департамент басшысы жұмыскерлерді Департаментке шақырды. Онда «A SECURITY» күзет агенттігі» ЖШС басшысы С. Мановицкийдің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары және жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі түсіндірілді.
Ұйым басшысының ақпараты бойынша, жалақы бойынша берешек 27 жұмыскердің алдында қалыптасқан.
Кездесу қорытындысы бойынша «A SECURITY» күзет агенттігі» ЖШС басшысы берешекті өтеу бойынша шаралар қабылданғанын және жұмыскерлерге жалақыны 2026 жылғы 2 қыркүйекте төлеу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Жағдай Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бақылауында. Жұмыс берушінің өзіне алған міндеттемелерін орындау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына тиісті құқықтық баға беріледі және қажет болған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қабылданады.
БҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және жұмыскерлердің еңбекақы төлеу мәселелері бойынша өтініштерін жедел қарау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1284242?lang=ru

Жауап қалдыру