Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 қыркүйекте Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т. Мусаевтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен елу екінші отырысы өтті. Сондай-ақ, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XLV сессиясы өтті.

Отырыстарға қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар айтылды.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясының отырысы Facebook әлеуметтік желісіндегі қалалық мәслихаттың ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1284249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді