
2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Бару кезінде орталықтағы балаларға көрсетілетін медициналық және оңалту қызметтерінің ұйымдастырылуына, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына, ем алушылар үшін жасалған жағдайларға, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқатына жасалған жағдайлар зерделеніп, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, оларға қолайлы орта қалыптастыру және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284258?lang=ru

Жауап қалдыру