
«Теңізшевройл» ЖШС базасында Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторларымен бірлескен жұмыс семинары өтті.
Шара барысында кәсіпорын сарапшылары өндірістік нысандардың техникалық жай-күйін тәуекел факторларына сүйене отырып айқындау әдістемесін енгізу тәжірибесін таныстырды. Қатысушылар жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін зерделеу, қауіп-қатер деңгейлерін жіктеу, болжамды бұзылулардың алдын алу және куәландыру қорытындыларын сараптаудың практикалық тәсілдерін жан-жақты қарастырды.
Сонымен бірге аталған тәсілді одан әрі жетілдіру, оның ішінде өндірістік процестерді цифрландыру құралдарымен интеграциялау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаға енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік бақылаушы органдар мен компания өкілдері өзара пікір алмасып, техникалық реттеу және өндірістік бақылау тиімділігін арттыру бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1284293?lang=ru

Жауап қалдыру