
2026 жылғы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушысы А.Амирхановпен сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары және Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттарды бойынша өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.
Әсіресе, алимент төлеуден қасақана және ұзақ уақыт бойы жалтарып жүрген борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Әкімшілік жауапкершілікке тарту заңнамада көзделген негіздер болған кезде, барлық қажетті процестік әрекеттерді толық әрі сапалы жүргізу және борышкердің міндеттемелерді орындамау фактілерін тиісті түрде құжаттау арқылы жүзеге асырылуы тиіс екені атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік сот орындаушыларына осы санаттағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша жұмысты күшейту, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қабылдау және алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген борышкерлерге ерекше назар аудару тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1284327?lang=ru

Жауап қалдыру