
2026 жылғы тамызда айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбаймен бірлесіп, Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Кездесу барысында жастарға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен құқықтық түсіндірмелер алды.
Сонымен қатар, заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284395?lang=ru

Жауап қалдыру