
АЙНАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
1 қыркүйек – Білім күніне орай Тасқала ауданы Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді.
Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы Мұқаев, Тасқала ауданының әкімі Талғат Асқарұлы Шакиров, облыстық мәслихат депутаты Нұртай Сәпиұлы Жұмашев, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Нұрболатқызы , облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Мәулетқызы, “КПО”компаниясының өкілі, мердігер ұйым өкілдері, ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Заманауи талаптарға сай жаңа мектеп ғимараты ауыл балаларының сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына кең мүмкіндік береді.
Салтанатты шара барысында мектептің символдық кілті табысталып, жаңа білім ордасының лентасы қиылды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа мектепке ақ тілектерін арнады.
Жаңа мектеп – ауыл балаларының жарқын болашағына бастар жол!
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты құтты болсын!
Білім ордасынан білімді де білікті, ел болашағына қызмет ететін ұрпақ түлеп ұшсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1284405?lang=ru

Жауап қалдыру