
Бүгін аппараттық кеңесте қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
1 қыркүйектен бастап Шахтинск қаласы бойынша Шахтинск қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы болып Мусин Дарын Шамелұлы тағайындалды.
Екі жоғары білімі және 17 жылға жуық еңбек өтілі бар. Ол 2014 жылдан бері қазынашылық жүйесінде қызмет атқарып келеді. Осы тағайындауға дейін Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Шахтинск ауруханасының директоры болып Маханова Асель Аманбайқызы тағайындалды.
Жоғары білімі және «Денсаулық сақтауды басқару» бағыты бойынша ІБМ дәрежесі бар. Қаланың денсаулық сақтау жүйесінде қызмет атқарып, дәрігер, бөлім меңгерушісі және директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа басшыларға сәттілік, жемісті еңбек және Шахтинск қаласының тұрғындары игілігі жолында алға қойылған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруды тілейміз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1284473?lang=ru

Жауап қалдыру