
Астанада 50-ден астам әлеуметтік кәсіпкер, мемлекеттік орган мамандары, қаржы институттарының өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы бір алаңға жиналып, «Әлеуметтік кәсіпкерлік – 2027: қолдау шаралары, жұмыспен қамту, технологиялар және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Жиын барысында қатысушыларға мемлекеттік және қаржылық қолдау шаралары, қаржыландыру және кепілдік беру мүмкіндіктері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдары мен салықтық әкімшілендіру сынды маңызды мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Жұмыс орындарын субсидиялауға, әлеуметтік осал топ өкілдерін жұмыспен қамтуға, технологиялар мен инновацияларды енгізуге, сондай-ақ әлеуметтік бизнесті кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салааралық кеңес құру бастамасын талқылады. KMF Банк өкілдері кәсіпкерлерге арналған «3-уі 1-де» арнайы шешімін таныстырды.
Семинар кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және қаржы институттары арасындағы ашық диалог алаңына айналып, өзекті мәселелер мен елордадағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/p/DcyLB_SgPXS/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1284617?lang=ru

Жауап қалдыру