
Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ақтөбелік спортшы Кәрім Нұрталап аударыспақтан 60 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.
2005 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылында дүниеге келген Кәрім аударыспақпен 2021 жылдан бері айналысады. Спорттағы алғашқы қадамын Ырғыз ауданындағы Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің филиалында Ерболат Сериковтен тәлім алудан бастады.
2023 жылдан бастап облыс орталығында жаттықтырушы Нұрлан Додайдың жетекшілігімен дайындалып, 2025 жылдан бері Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығып келеді.
Кәрім Нұрталапты және жаттықтырушыларын айтулы жеңісімен құттықтаймыз!
Жерлесімізге алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1284632?lang=ru

Жауап қалдыру