
Білім күнінде Темір ауданының Кеңқияқ ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Заманауи білім беру нысанында оқушылардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Мектепте STEM, робототехника, зертханалық және жобалық жұмыстарға арналған кабинеттер мен арнайы кеңістіктер қарастырылған. Сонымен қатар цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға, оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бар.
Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Иманғалиев жаңа мектептердің маңыздылығына тоқталып, олардың ауыл мен қала оқушыларына тең білім алу мүмкіндігін қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасының басты мақсаттарының бірі – ауыл мен қала оқушыларына білім алуға тең мүмкіндік жасау. Заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алуымен қатар, олардың жан-жақты дамуына, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруіне қажетті жағдай жасалады. Кеңқияқтағы жаңа мектеп – ауыл оқушылары үшін осындай мүмкіндіктерді кеңейтетін маңызды білім ордасы», – деді Б. Иманғалиев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1284631?lang=ru

Жауап қалдыру