ШҚО әкімі Аблакетка өзені арқылы өтетін көпірге шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғындар нақты шешім қабылдауды қажет ететін бірқатар мәселені көтерді. Солардың бірі – Өскемендегі «Солнечная долина» бау-бақша серіктестігі аумағындағы Аблакетка өзені арқылы өтетін көпірдің жағдайы.

Қала тұрғыны Оксана Джунусова жаңа көпір салу мүмкіндігін қарастыруды сұрап, өтініш білдірді. Бүгінде бұл көпір тұрғын үйлер мен саяжай алқабын қаламен байланыстыратын негізгі жол болып отыр. Мұнда тұрақты түрде 200-ден астам адам тұрады, ал жылы мезгілде халық саны айтарлықтай артады.

 

Қабылдаудан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі бірден көпірдің жағдайын және оның айналасындағы ахуалды көру үшін оқиға орнына барды. Тексеру қорытындысы бойынша Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және Өскемен қаласының әкімдігіне жақын арада қолданыстағы көпірді жөндеу және жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар жаңа көпір салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. ЖСҚ дайын болғаннан кейін жобаны келесі кезеңге, яғни іске асыруға көшіру көзделіп отыр.

«Егер тұрғындар мәселе көтеріп, көмек сұрап жүгінсе, өтінішті қағаз жүзінде қарап қана шектелмеу маңызды. Мәселені жергілікті жерде зерделеп, қазір не істеуге болатынын және алдағы уақытта қандай шешім қажет екенін анықтау керек», – деді облыс әкімі.

Қабылдау барысында көтерілген тағы бір мәселе Шемонаиха қаласындағы Заслонов көшесі, 24-үйге қатысты болды. Қазіргі уақытта ғимаратқа техникалық тексеру жүргізілуде. Қорытынды алынғаннан кейін үйдің одан әрі тұруға жарамдылығы анықталады. Жауапты тұлғаларға мәселені заңнама талаптарына сәйкес бес күн ішінде одан әрі шешуді қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Сондай-ақ Самар ауданы мектептерінің біріндегі қызметкерлер өтініштері жеке қаралды. Анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады. 1 қыркүйектен бастап мектеп директорымен еңбек шарты жіберілген заңбұзушылықтарға байланысты бұзылды.

Барлық өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен одан әрі атқарылатын жұмыстар айқындалды. Олардың орындалуы бақылауға алынды.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1284642?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді