Әуезов ауданының әкімі тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке қабылдауда қарады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар 10А шағын ауданындағы БХҚ аясында аумақты қайта жаңғырту, 5 шағын аудандағы тұрғын үйдің қасбетін жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру және жөндеу, дыбыстық сүйемелдеуі бар бағдаршамдар орнату, сондай-ақ көше жарығын жақсарту мәселелерін көтерді.

Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге қажетті шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей кері байланыс орнатуға және ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді жедел қарастыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:

— «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге;

— немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1284640?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді