
TEDx форматында ұйымдастырылған кездесуге тіл жанашырлары, мемлекеттік мекеме, архив және колледж қызметкерлері, сондай-ақ жастар қатысты.
💬 Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен қолданыс аясын кеңейту, жастардың тіл мәдениетін қалыптастыру, көптілділік мәселелері, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысы мен даму келешегі сөз болды.
👥 Кездесуде Ертай Жарылғапұлы Жәнібеков, Берікбол Дәулетұлы Амангелдин, Салтанат Дәртайқызы Қамытбаева және Айгерім Дәулетиярқызы Бөлкенбаева спикер ретінде сөз сөйлеп, тіл саясатының қазіргі бағыттары мен қоғамдағы тілдік үдерістерге қатысты пікірлерін ортаға салды.
🗣️ Ашық диалог барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мемлекеттік тілдің бүгінгі рөлі, жастар арасындағы тілдік орта және қазақ тілінің болашақтағы даму мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
👏 Іс-шара соңында спикерлерге белсенді қатысқаны және мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскені үшін Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Ахметовтің атынан Алғыс хаттар табысталды.
🤝 Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің көпірі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1284729?lang=kk

Жауап қалдыру