
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 4 тамыздағы №1388 Жарлығына сәйкес, Абай ауданында 17 ана «Алтын алқа», 26 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Абай ауданы әкімінің орынбасары Шамау Нұртас Мейрамбекұлы ардақты аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтап, олардың отбасы құндылықтарын дәріптеудегі, ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегіне ризашылығын білдірді.
Мемлекеттік наградалар – көпбалалы аналардың қоғамдағы айрықша орнына, отбасындағы берекені сақтап, ел болашағы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесіне көрсетілген жоғары құрмет.
Бүгінде Абай ауданында 18 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде:
– 1 387 ана – «Алтын алқа» иегері;
– 4 877 ана – «Күміс алқа» иегері.
Ана – отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы, қоғамның тірегі.
Марапат иелері көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1284740?lang=ru

Жауап қалдыру