
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, орталық тұрғындарының жағдайын қарап, оларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалады.
Сонымен қатар сапар барысында орталық аумағында салынып жатқан 25 адамға арналған монша ғимаратының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аталған нысан орталық тұрғындарына қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында салынуда.
Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «Стройком+Сервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «КазСтройНадзор» ЖШС, жобаның авторы – «AGS-ПРОЕКТ» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Басқарма басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуіне назар аударып, нысанды пайдалануға беру жұмыстарының уақытылы орындалуы маңызды екенін атап өтті.
Орталық тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1284808?lang=ru

Жауап қалдыру