Алматыда XXXI Орталық Азия халықаралық Mining & Metals Asia көрмесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында Mining & Metals Asia – «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» атты 31-ші Орталық Азия халықаралық көрмесі өтеді.

Биылғы жылы іс-шараға әлемнің 30 елінен 520-дан астам компания қатысады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында тау-кен және өнеркәсіптік жабдықтарды өндірушілер, заманауи технологияларды жеткізушілер, инвестициялық және инжинирингтік компаниялар бар. Олар тау-кен өндіру және өнеркәсіп салаларына арналған заманауи әрі инновациялық шешімдерді ұсынады.

Көрме заманауи технологиялар мен жабдықтарды таныстыруға, іскерлік байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шетелдік компаниялар мен Қазақстан кәсіпорындары арасындағы сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін алаңға айналады.

Mining & Metals Asia көрмесімен қатар KAZCOMAK – «Жол және өнеркәсіп техникасы» атты 22-ші Қазақстан халықаралық көрмесі өтеді. Көрме құрылыс, жол және өнеркәсіп салаларына арналған заманауи техника мен шешімдерге арналады.

Байланыс тұлғасы: Гани Джумагалиев – «ITECA» ЖШС маркетинг жөніндегі менеджері, тел.: +7 707 765 54 44, электрондық пошта: gani.jumagaliev@iteca.events

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1284826?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді