САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ – ӨМІРЛІК ҚАЖЕТТІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданындағы, Отырар елді мекенінде «Activ» (Kcell) ұялы байланыс операторының жаңа базалық станциясы орнатылып, іске қосылды. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, өңірді цифрландыру бағытындағы үлкен қадам болмақ.Бұған дейін ауылда интернет жылдамдығы мен байланыс сапасына қатысты мәселелер туындап келген болса, жаңа мұнараның орнатылуы бұл қиындықтарды толықтай шешуге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта ауыл аумағында жоғары жылдамдықты 5G интернеті мен тұрақты дауыстық байланыс желісі қолжетімді.
Жаңа байланыс желісінің іске қосылуы ауыл мектептерінің оқушылары мен ұстаздарның білім беру платформаларын еркін қолдануға, әлеуметтік желілерді кедергісіз пайдалануына жол ашады.
Жергілікті тұрғындар бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қарсы алды. Ауыл ақсақалдары мен белсенді жастардың айтуынша, заманауи заманда сапалы интернет – өмірлік қажеттілік. Тұрғындар осы жобаның жүзеге асуына атсалысқан аудан әкімдігі мен байланыс операторының өкілдеріне ризашылықтарын білдіруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1284879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді