Қауіпті жайылым: Жыл басынан бері көлік полицейлері 1300-ден астам үй малдарының иесін жауапқа тартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысындағы «Атасу – 117 РЗД» учаскесінде «Қарағанды – Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда үй малдары жүргендіктен шұғыл тежеу шарасын қолданды. Алайда, арақашықтықтың аздығына байланысты, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, пойыз үш жылқыны қағып кетті. Жоспардан тыс аялдама 14 минутты құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барсында мал иесі болып табылатын Ұлытау облысының 45 жастағы тұрғыны анықталды. Ол теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Көлік полициясы пойыздарда шұғыл тежеуді қолдану қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін еске салады. Сонымен қатар, бұл жолаушылар мен пойыз бригадасы мүшелерінің жарақат алу қаупін арттырады. Осыған сәйкес, жеке шаруа қожалықтарының иелеріне малды теміржолдың бөлінген жолағында жаюға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау ескертіледі.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздарды шұғыл тежеуге қатысты 930 факті тіркелген, олардың 474-і теміржол бойында төрт түліктің болуына байланысты орын алған. Теміржол жиегінде мал жайғаны үшін 1 364 азамат жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1284951?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді