Қосшы қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен ойын-сауық орындарының өкілдері және кәсіпкерлік субъектілерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қылмыстық ахуалы күрделі аймақтарда орналасқан ойын-сауық орындарының түнгі уақыттағы жұмыс режимін шектеу мәселесі, сондай-ақ қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар талқыланды.
Кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша түнгі уақытта азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге бағытталған ықтимал профилактикалық шаралар талқыланды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1284993?lang=ru

Жауап қалдыру