
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:
15 қыркүйек:
400.00 нысаны 2026 жылғы шілде айы үшін акциз бойынша декларация;
250.00 нысаны 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
270.00 нысаны 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларация, оны жеке тұлғалар-резиденттер және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын еңбек иммигранттары ұсынады.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:
21 қыркүйек:
328.00 нысаны 2026 жылғы тамыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
•851.00 нысаны жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
870.00 нысаны қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.
ТӨЛЕМДЕР
7 қыркүйек:
2026 жылғы тамыз айы үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.
15 қыркүйек:
2026 жылғы тамыз айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.
ТӨЛЕМДЕР
21 қыркүйек:
2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.
24 қыркүйек:
2026 жылғы тамыз айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС.
ТӨЛЕМДЕР
25 қыркүйек:
КТС – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін аванстық төлемдер;
2026 жылғы тамыз айында төленген резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
төлем көзінен ұсталған ЖТС;
бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
жеке тұлға-бейрезиденттердің табыстарынан ЖТС;
2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны) бойынша дербес төленетін ЖТС;
ТӨЛЕМДЕР
25 қыркүйек:
2026 жылғы тамыз айы үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
2026 жылғы тамыз айы үшін әлеуметтік салық;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
ТӨЛЕМДЕР
25 қыркүйек:
2026 жылғы қыркүйек айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
2026 жылғы тамыз айы үшін бірыңғай төлем;
2026 жылғы тамыз айы үшін әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша аударымдар мен жарналар).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1285044?lang=ru

Жауап қалдыру