Жетісу полицейлері әскери қызметшілерге кәсіби бағдар берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері №5514 әскери бөлімінің сарбаздарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілерге ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, «Qyzmet – Police.kz» онлайн-платформасы арқылы ІІО-ға қызметке өтініш беру мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар полиция қызметінің негізгі артықшылықтары, оның ішінде офицерлік атақ алу, тұрақты жалақы, тұрғын үй төлемдері және жеңілдікпен зейнетке шығу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында сарбаздарға ақпараттық материалдар мен брошюралар таратылып, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берілді.

Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары әскери қызметшілерге болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, ішкі істер органдарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1285107?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді