ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТТЕРІ ЖАҢАРУДА: ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін учаскелік полиция пункттерінің жұмысы сапалы жаңа деңгейге көтерілуде. Нысандардың жай-күйі мен дайындығын тексеру мақсатында Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Полиция департаментінің өкілдерімен бірге арнайы аралау жүргізді.

Аймақта халыққа кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын 127 учаскелік полиция пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда солардың 10 нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Жөндеу жұмыстары Ескелді, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарындағы учаскелік полиция пункттерін қамтиды.

Жұмыс сапары барысында ғимараттардың ішкі-сыртқы келбеті, жөндеудің сапасы мен орындалу қарқыны жіті тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға нақты әрі мерзімді тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1285115?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді