Павлодар облысында жедел қызметкерлермен есірткі заттарын өткізудің жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел қызметкерлер прокуратураның үйлестіруімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу фактісінің жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласында есірткі заттарын өткізуге күдікті екі жергілікті тұрғын ұсталды.
– Тінту іс-шаралары барысында олардан жалпы салмағы шамамен 60 келі
болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты, ақша қаражаты, ұялы телефондар, банк карталары және түрлі құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Есірткі заттарын өткізу фактілері қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1285123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді