Қазақстан мен Лаос активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасының Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Ливонг Лаоли активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе және ақпарат алмасуға, сондай-ақ ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша өзара жәрдем көрсетуге құқықтық негіз қалыптастырады.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту заңсыз шығарылған қаражатты жедел анықтауға, іздестіруге және қайтаруға,        сондай-ақ оларды шетелге шығару мен жасыруға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Меморандум халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстық істер бойынша ынтымақтастыққа жәрдем көрсетуді, консультациялар өткізуді, озық тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.

Меморандумға қол қою Қазақстанның осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолындағы кезекті қадам болды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1285220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді