
ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі жұмысын ұйымдастырудың үлгі ережесінің 2-тарау 10-тармағына сәйкес Қамқоршылық Кеңестің құрамына кіреді:
1) білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;
2) мемлекеттік, өкілді органдардың өкілдері;
3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
4) меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.
Қамқоршылық Кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды, өтініштерді қабылдау ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында және ШҚО білім басқармасында 2026 жылдың 3 қыркүйегінен 23 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1285233?lang=ru

Жауап қалдыру