
15 қыркүйектен бастап өңірде халықты тұмауға қарсы егудің дәстүрлі науқаны басталады. Павлодар облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы @pavlodar.rsk алаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев пен Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологы Дина Шакратова айтып берді. Олардың мәліметінше, өңір тұрғындарын вакцинациялау үшін 70 мың доза вакцина сатып алынды. Жоспарда препараттың тағы 10 мың дозасын сатып алу бар. – Аурудың асқынған түріне шалдыққан пациенттерді емдеуге жатқызу үшін облыстың медициналық ұйымдарында 375 төсек-орын дайындалды, – деді Дина Шакратова. – Оның 326-сы инфекциялық профильге, ал 49-ы пульмонологиялық профильге тиесілі. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» компаниясы тұмауға қарсы вакциналарды орталықтандырылған түрде сатып алуды жүргізіп жатыр. Препараттарды қабылдау, сақтау және одан әрі таратуды Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана қоймасының жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді. Барлық процедуралар иммунобиологиялық препараттарды сақтау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинаны тегін алуға болады. Ол үшін учаскелік терапевтке немесе педиатрға қаралып, содан кейін егілу кабинетіне хабарласу қажет. Мамандар тұмауға, жіті респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) және COVID-19-ға эпидемиологиялық және зертханалық қадағалауды күшейтті. Балабақшаларда, мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында балалардың қатысуы міндетті түрде бақылауға алынып, таңғы сүзгілеу жүргізіледі.
Фото: ChatGPT
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/press/news/details/1285296?lang=ru

Жауап қалдыру