
Талдықорғанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар қарқын алды. Өңірде бірінші кезектегі қажетті тауарлардың бағасына арнайы құрылған мониторингтік топ ірі және шағын сауда нүктелерін аралап, бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Мониторинг жұмыстарына Жетісу облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Римма Салықова, тұрақты комиссия төрағасы Ермек Егінбаев, сондай-ақ Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.
Арнайы топ облыс аумағындағы ірі сауда үйлерінен бастап, үй жанындағы дүкендер мен жергілікті базарлардағы баға көрсеткіштерін сараптауда. Атап айтқанда, кезекті мониторинг барысында «MAGNIT», «FOODMART», «НҰРАЛИ», «ВОСТОК» және «DARHAN» сияқты сауда желілері мен дүкендер қамтылды.
Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Азық-түлік бағасының тұрақтылығы – халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Осыған байланысты бұл бағыттағы жұмыстар мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1285325?lang=ru

Жауап қалдыру