
Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау және күн бойы өнімділікті ұстап тұрудың ең маңызды факторларының бірі. Ағзаға қоректік заттар қажет, олардың негізгілері:
• Ақуыздар – ағзаның зат алмасуы үшін қажетті заттар, негізгі құрылыс материалы. Ақуыздарға бай өнімдер: ет, балық, жұмыртқа, сүзбе және т.б.
• Майлар – гормондар мен ферменттерді құруға, терморегуляцияға арналған негізгі элемент, сонымен қатар майлар – энергияның негізгі көзі. Майларға бай өнімдер: авокадо, жаңғақтар, зәйтүн және зәйтүн майы, балық, сиыр еті, шоколад және т.б.
• Көмірсулар – сондай-ақ майлардың ақуыздармен толыққанды алмасуына қажетті энергияны жеткізеді. Көмірсулары бар негізгі өнімдер: жармалар, картоп, нан, қант және т.б.
• Витаминдер – ағзаның алмасу процестерін жылдамдатады, зат алмасуға қатысады, жүріп жатқан физиологиялық және биохимиялық процестерді реттейді.
• Су – ағзадағы адамның тіршілік әрекеті үшін қажетті реакциялардың катализаторы. Су зат алмасу кезіндегі маңызды элемент болып табылады, сондай-ақ ағзаның өзін-өзі тазартуына ықпал етеді, терморегуляцияға жауап береді. Ішілген судың жеткілікті мөлшері ішектегі бактериялар санын азайтуға көмектеседі.
Күндізгі тамақтануды 4-5 ретке келесі пропорцияларда бөлу керек: «таңғы ас тәуліктік рационның шамамен 25%-ын, түскі ас – 35%-ын, бесін ас – шамамен 15%-ын, ал кешкі ас қалған 25%-ын құрауға тиіс». Тамақтанудың бұл жүйесі адамға тоқтық сезімін қамтамасыз етеді, бұл ретте асқазанды шамадан тыс жүктемейді.
Таңғы ас ретінде күрделі көмірсуларға бай өнімдерді (ұн өнімдері, ботқалар, алмалар және т.б.) таңдау қажет, олар ағзаны энергиямен зарядтауға, төзімділікті арттыруға, күш қосуға қабілетті.
Түскі ас үшін ақуыздар мен көмірсуларға бай өнімдерді (ет, балық, көкөністер және т.б.) таңдау керек.
Кешкі уақытта метеоризм тудыратын, ас қорыту органдарының қимыл және секреторлық белсенділігіне салмақ түсіретін өнімдерден аулақ болу қажет.
Дұрыс тамақтану – бұл ойлау тәсіліне сәйкес келетін өмір салты.Өз денсаулығын сақтауда тамақтануды өзін-өзі бақылауға орасан зор әсер беріледі. Жас ерекшелігі мен ағзаның жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, тамақтану рационын жасау әдетін қалыптастыру қажет. Дұрыс тамақтану кезінде тағам ағзада тәулік бойы калория мөлшері, тағам өнімдерінде болатын химиялық элементтер жиынтығы бойынша бөлінеді.
Осылайша, салауатты өмір салтын сақтау үшін дұрыс тамақтану ережелерін ұстану қажет.
Дұрыс тамақтану – мықты иммунитеттің, қорғаныш күштерінің, сондай-ақ жалпы ағза денсаулығының кепілі. Теңгерімді тамақтану – салауатты ұйқының, жоғары жұмыс қабілеттілігінің, қалыпты салмақтың және адамның жалпы жақсы көңіл-күйінің қайнар көзі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1285331?lang=ru

Жауап қалдыру