
Нью-Йорк, 2026 жылғы 2 қыркүйек – ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Умаров «Бейбітшілік мәдениеті саласындағы іс-қимыл бағдарламасы» аясындағы «Бейбітшілік мәдениетін ілгерілететін әйелдер көшбасшылығы» атты Жоғары деңгейдегі форумға қатысты.
Іс-шара барысында әйелдердің бейбіт үдерістерге толыққанды қатысуы олардың тиімділігі мен тұрақтылығының шешуші факторы болып табылатынына және халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде іске асыру жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін қажет екендігіне басты назар аударылды.
Өз сөзінде Тұрақты өкіл гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің көшбасшылығын жан-жақты қолдау мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Ол қатысушыларға дәйекті мемлекеттік реформалардың нәтижесінде бірінші шақырылымдағы Құрылтай құрамындағы әйелдердің өкілдік үлесі 34%-ға жеткенін хабарлады. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын жүзеге асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспарының бекітілгенін жеткізді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан маңызды үлесі ерекше аталып өтіліп, бұл бағытта 2018 жылдан бері 20 қазақстандық әскери қызметші әйел халықаралық миссиялардағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Сонымен қатар баяндамада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегей платформасы арқылы жаһандық аренада бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуге айрықша мән берілді, сондай-ақ 2025 жылғы форумның қорытындысы бойынша қабылданған Астана бейбітшілік декларациясы БҰҰ күн тәртібіндегі өркениетаралық диалог пен қоғамдық келсімді нығайтудың маңызды құралы болып табылатыны атап көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1285482?lang=ru

Жауап қалдыру