Абай облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ оқу орындарына алғашқы дайындыққа кандидаттарды іріктеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Полиция департаментінде іріктеу науқанының кезекті кезеңінің қорытындылары шығарылды. Кадрларды жасақтау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарында алғашқы кәсіби дайындықтан өту үшін іріктелген 36 кандидаттың негізгі жиынтығы сәтті аяқталды. Кандидаттарды іріктеу процесі ашықтық, обективтілік және қатаң біліктілік талаптары қағидаттары негізінде жүзеге асырылды. Барлық үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссиядан медициналық куәландыруды, психофизиологиялық тестілеуді, полиграфтан тексеруді, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды қамтитын кешенді іріктеуден өтті. Іріктеу барысында құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыруға және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін qyzmet.police.kz мамандандырылған электрондық платформасы арқылы өтінім берген кандидаттарға ерекше назар аударылды. Іріктелген кандидаттар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына — М. Есбулатов атындағы Алматы академиясына, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына және Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алатын болады. Оқу кезеңінде ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері қызмет атқару және қоғамдық тәртіпті күзету үшін қажетті қарқынды теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтеді. Абай облысы Полиция департаменті кадрлық әлеуетті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда және ішкі істер органдарындағы қызмет талаптарына сәйкес келетін, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды ағымдағы іріктеулерге қатысуға шақырады. Бос орындар мен түсу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін азаматтар Абай облысы Полиция департаментінің Кадр жұмысы басқармасына жүгіне алады немесе qyzmet.police.kz цифрлық платформасын пайдалана алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1285538?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді